{metadescription}
Өгей ұлын сабап өлтірген студент 20 жылға сотталды
Өгей ұлын сабап өлтірген студент 20 жылға сотталды

Өгей ұлын сабап өлтірген студент 20 жылға сотталды

Ашынасының сәбиін сабап өлтіргені үшін 20 жыл. Алматыда сот өгей ұлын ажал құштырған студентке үкім кесті. Қаскөй енді жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуге тиіс.

Бақытхан Бәкірбаев, судья

Дархан Асхатұлы Дәулетов ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігімен көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танылсын және оны педагогикалық лауазымды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20 жылға бас бостандығынан айырылсын. Дәулетов жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтесін.

Сотталушы енді жәбірленушілерге, яғни марқұм Хантөренің туған әкесіне 10 млн теңге моральдық шығын төлеуі тиіс.

Естеріңізге салсақ, қанды оқиға былтыр қыркүйек айында «Алма сити» тұрғын үй кешенінде болды. 19 жастағы студент өзі оқитын колледждің мұғалімімен көңіл қосып бірге тұрған. Кейін сол азаматтық некедегі әйелінің кішкентай баласын өлімші етіп ұрып, балабақшаға апарып тастайды. Оңбай таяқ жеген бүлдіршін құсып, ауырсынған соң, тәрбиешілер полиция мен жедел жәрдем шақырған. Кішкентай Хантөре өгей әкесінен таяқ жегенін сол тәрбиешілерге айтып үлгеріпті. Өкінішке қарай, бүлдіршінді аман алып қалу мүмкін болмады. Ал өгей әкесіне қатысты айтқаны көп ұзамай-ақ дәлелденген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.