Орал: Өзін атқан полицей есін жимастан көз жұмды
Оралда өзін атқан 21 жастағы полицей есін жимастан көз жұмды. Дәрігерлер ота жасап, самайдан кірген оқты алып шыққанымен, ажалдан арашалай алмады. Қайғылы жағдай БҚО полиция департаментінің ғимаратында болған.
Автор: Шапағат Мырзабекова
27.06.2024
Бақылау-өткізу пунктінде тұрған қызметкер өзінің табель қаруынан атылған. Абайсызда болған жағдай ма, әлде тәртіп сақшысы суицид жасамақ болды ма, оны енді тергеу анықтайды. Ал денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тәртіп сақшысы шұғыл отадан соң есін жимаған. Ауыр жарақаттан жас полицей өткен түні жан тапсырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
13 қыркүйек
Серіктестер жаңалықтары