{metadescription}
«24 келі мефедрон». Алматы облысында есірткі сатқандар ұсталды
Алматы облысында синтетика есірткіні саудаға салғандар ұсталды. Екі азаматтың үйін тексерген кезде 24 келіден астам мефедрон тәркіленген.
Автор: Әсем Лесбек
11.02.2025
Бұл, шамамен 72 мың доза. Қапқа салынған синтетика есірткіні күдіктілердің бірі сарайында мұқият жасырыпты. Ал оның сыбайласынан тәртіп сақшылары тапанша тапқан. Екеуінің де қолына сол жерде кісен салынды. Тергеушілер енді аса ірі көлемдегі есірткінің айналымға қалай түскенін, күдікті екі азаматтың оны қайдан алғанын анықтап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары