{metadescription}
«80-90 мың теңге». «Семей орманы» қызметкерлері жалақыға жарымай жүр
«80-90 мың теңге». «Семей орманы» қызметкерлері жалақыға жарымай жүр

«80-90 мың теңге». «Семей орманы» қызметкерлері жалақыға жарымай жүр

«Семей орманы» табиғи резерватының қызметкерлері жыл басынан бері жалақыға жарымай отыр. Әлі күнге 80-90 мың теңге айлық алатындар жаңа жылдан бері «көк тиын көрмедік» деп наразы. Оның үстіне, былтырдан бастап қосылуға тиіс үстемақыдан да қағылған. «Қарызға батып, қалтамыздың түбі тесілді» дегендер тезірек маңдай тер ақысын төлеуді талап етіп отыр.

Жалақыға жарымаған орманшылардан маза қашқан. Жыл басынан бері соқыр тиын көрмегендер қарызға белшесінен батқан. Оның үстіне, кейбірі өткен жылдан қалған ақшасын ала алмай сандалып жүр.

Нуртен Шамшудинов, өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі:

Бізге 500 мың еңбекақы төле деп айтып отырған жоқпыз ғой. Өзімізге тиесілі жалақымызды берсін. Өткен жылдан қалған 300 мың теңгем бар. Уәде береді де, орындамайды.

«Семей орманындағы» алапат өрттен кейін орманшылардың жалақысы көтеріледі деген жағымды жаңалық шыққан. Алайда ештеңе өзгерген жоқ дейді жиналғандар. Қазір орман өрт сөндірушілері, трактористер мен көлік жүргізушілері небәрі 100 мың теңгеге жетпейтін жалақымен жан бағып отыр.

Шалқар Жолтыбайұлы, жүргізуші:

90 мыңға кім өмір сүре алады?! Келген бетте 80 пайызға көтереміз деген, ол да жоқ. Сегізінші ай кетті, мен жұмыс істегелі. Бала-шағамыз, несиеміз, оқуымыз бар.

Қазір «Семей орманы» 500-ден астам жұмысшының жалақысын төлей алмай отыр. Себеп  резерваттың арнайы шоты бұғатталған. Ол наурыз айында ашылады екен. Сондықтан мемлекеттік мекеме салықты да уақытында төлей алмай отыр. Дегенмен басшылар жалақы дауын жеделдетіп шешуге уәде берді.

 Мақсат Елемесов, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары:

Салық комитеті мәселені талқылап жатыр. Осы аптаның аяғына дейін, қаңтар айына қарызды толық өтейміз. Келесі аптада ақпан айына тиесілі айлықтарын береміз деп жоспарлап отырмыз.

Ал орманшыларға үстемақы мекеменің табысы артып немесе бюджетінде артық ақша болған жағдайда ғана төленеді екен. Бірақ «Семей орманында" көк тиын кіріс жоқ. Сондықтан жұмысшылардың үстемақыдан күдерін үзуіне тура келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.