{metadescription}
«Салық». Талқыға түскен блогерлер тізімінде борышкерлер жазылғаны рас па?
«Салық». Талқыға түскен блогерлер тізімінде борышкерлер жазылғаны рас па?

«Салық». Талқыға түскен блогерлер тізімінде борышкерлер жазылғаны рас па?

14 миллион теңгеден 3 миллиардқа дейін. Қоғамда кешелі бері әйгілі жұлдыздар мен блогерлердің аккаунттары аталып, қарыз тізілген құжат қызу талқыланып жатыр. Салық міндеттемесіне балаған парақтың маңдайшасында не мекеме атауы да жоқ.

Онда Мейрамбек Бесбаев, Алтынай Жорабаева, Ерке Есмахан сынды эстарада жұлдыздарынан бастап, продюсер Баян Алагөзова, танымал блогер, кәсіпкерлер де бар. Оған қатысты әзірге ешқайсысы мардымды жауап бермеді. Кейбірі тек желідегі парақшасында салықтан жалтармадық деген сынды посттармен ақталуда. Әйтсе де Мемлекеттік кірістер комитеті бұл тізімге қатысты ресми жауап бермеді.

Желіні шулатқан борышкерлер тізімінде көш басында блогер Бейбіт Әлібеков тұр. Жанында оның 2 миллиард 163 миллион теңге табыс тауып, салық төлемегені көрсетілген. Кейін атақты продюсер Баян Мақсатқызы да 272 миллион теңгемен тізімге енген. Одан бөлек, елге қарызын өтемегені үшін Мейрамбек Бесбаев, Тоқтар Серіков, Ерке Есмахан сынды танымал әншілерді кіргізген. Десе де көбінің бұдан хабары жоқ сияқты. Әнші Алтынай Жорабаева Бурабайдан оқырмандарына жалынды сәлем жолдаса, Тоқтар Серіков байланыс аясынан тыс жерде деді.

Берік, Тоқтар Серіковтың көмекшісі:

— Жоқ, ол кісі жалпы ұялы желі ұстамайтын жерде жүр. Мына жаңалықты да естімеген. Ұялы байланыс ұстайтын жерге шыққан кезде айтайын, иә, әзірге аға қалада емес.

Ал өзін бұл тізімнен көрген тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бұған қатысты «қайта тексеруді талап етемін» дейді. «Салыққа бейжай қарамаймын» деген тележүргізушісі, «бір түсінбегенім, қайсысы айлық, қайсысы салық» деп бас қатыруда.

INSTAGRAM.COM/SULTANKYZY:

— Қымбатты оқырманым, әлеуметтік желіде тарап жатқан мына суретті маған жарыса жіберіп жатыр екенсіздер. Өзгелер үшін жауап бере алмаймын. Мен соңғы 5-6 жылда дара кәсіпкер ретінде тіркеліп, заңды түрде салығымды төлеп отырмын. Бірақ бірден айтайын, менің айналымым мына жерде көрсетілген сомаға сай келмейді. Әрі 2023 жылы 10 шілдеде күшіне енген «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасының заңына сай, толығымен жұмыс істеп жатырмын деп сенімді түрде айта аламын. Мен өзім салық, құжат дегендерге бейжай қарай алмайтын адаммын. Оны көмекшілерім де, заңгерім де, есепшім де растай алады. Сондықтан да алдағы уақытта салық органдарына жүгініп, міндетті түрде тексерісті қайта талап етемін. Айтпақшы, шатаспас үшін, бұл сома әр блогердің белгілі бір уақыт аралығында тапқан табысы екен, шамамен. Бұл жерде де сұрақ, садақасы қайсы, айлығы қайсы, жарнамасы қайсы, баласына бергені қайсы — мың сұрақ.

Ал 2 жарым миллион оқырманы бар мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев «блогерліктен табыс таппаймын» дейді. Жарнаманы тегін жасайтынын айтқан ол, блогерлердің салықтан жалтармағанын қалайды. Депутат Ринат Заитов та «заң — бәріне ортақ» оған өнер жұлдыздары да блогер, кәсіпкерлер де бағынуы тиіс деді.

Дәулет Мұқаев, Мәжіліс депутаты:

— Менде — тегін. Мен қазір тікелей айтайын, 2023 жылдың наурыз айынан бастап ешқандай ақылы жарнама салынбайды. Өйткені қазіргі қызметіме байланысты одан табыс табуға болмайды, біріншіден. Екіншіден, менің ұраным: «байыса, қазақ байысын» деп жүремін.

Ринат Заитов, Мәжіліс депутаты:

— Олар осы уақытқа дейін мойнына ешқандай жауапкершілік алған жоқ. Тіпті қарапайым айтылған өтініштерді де құлағына қыстарған жоқ. Енді тек заң тілімен сөйлесіп, жауап береді.

Сонымен қызу талқыға түскен тізімде расында борышкерлер жазылған ба? Сұрақтың жауабын білмек үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне жүгіндік. Бірақ ондағылардан жауап болмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде