{metadescription}
«Шаян таяқшалары». Ақтөбе облысында улану оқиғасынан кейін дүкендер тексеріліп жатыр
«Шаян таяқшалары». Ақтөбе облысында улану оқиғасынан кейін дүкендер тексеріліп жатыр

«Шаян таяқшалары». Ақтөбе облысында улану оқиғасынан кейін дүкендер тексеріліп жатыр

Ақтөбе облысында оқушылар тамақтан улану оқиғасынан кейін өңірдегі дүкендер жаппай тексеріліп жатыр. Санитар мамандар балалар иісінен ұшынған кептірілген шаян таяқшаларын сататындарды анықтауға кірісті. Қытайлық тамақты шетінен зертханаға жіберіп жатырмыз дейді тексерушілер. 

Райхан Қойшанова, Ақтөбе облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің басшысы:

Облыс бойынша дүкендерге мониторинг жүргізіліп жатыр. Бүгінде 219 дүкен мониторингпен қамтылды. Оның үш сауда дүкенінен табылып, тағам зертханаға тапсырылды. Микробиология және санитария-химиялық көрсеткішіне тексеру жүргізіп жатыр.

Қытайдан шығатын шаян таяқшаларын сатуға елімізде тыйым жоқ. Дәмін татпай-ақ, бүтін бір клас оқушыларының уланғанына қарамастан, дүкендерге ешкім тоқтау айта алмай отыр. Санитар мамандар алдымен кептірілген шаян таяқшаларының қауіпті екенін зертхана сынамасы растау қажет дейді. Одан соң ғана комиссия шешім қабылдайды.

Қобда ауданында аталмыш қауіпті астан уланған тоғыз бала ауруханадан шықты. Қалғаны да бұған дейін үйінен ем алған-ды. Қытай таяқшасына тыйым болмаса да, ата-аналар баласына не болса соны алып бермей, сырттан жеген тамақтарын бақылағаны дұрыс дейді мамандар.

Тәркіленген қытай тамақтарының қорабында арнайы таңба мүлде жоқ. Оның құрамы мен қоспасын ешкім білмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.