{metadescription}
Шарын шатқалы туристер көп келетін орынға айналды
Шарын шатқалы туристер көп келетін орынға айналды

Шарын шатқалы туристер көп келетін орынға айналды

Турист саны жеті есе артты. Күллі түркі дүниесіне қастерлі саналатын Шарын шатқалы туристер көп келетін орынға айналды. Былтырдың өзінде 12 миллион жылдық тарихы бар шатқалды көруге 117 мың адам келген.

Көбі қазақстандықтар. Ал қалған 17 мыңнан астамы шет мемлекеттерден, нақтырақ, Еуропа елдері мен Қатар, АҚШ, Түркиядан келген қонақтар. Келушілер көбінесе Көлсай көлдері, Іле Алатауы ұлттық паркі мен Шарын шатқалын таңдап жатады. Тұмса табиғатты көрсету арқылы бір жылдың ішінде аудан бюджетіне миллиард теңге қаржы түскен.

Шенеуніктердің сөзінше, туристердің ыңғайы үшін былтыр Алматы -Қорғас тасжолы күрделі жөндеуден өткізіліп, шатқалға апаратын жолдың түзелуі туристтік әлеуетті арттыруға септігін тигізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.