«ҚХА — 30 жыл». Астанада «Бірлік жолы» көрмесі ашылды
Қазақстан халқы ассамблеясына 30 жыл толуына орай, елордада Тұңғыш президент музейі және «Қоғамдық келісім» мекемесінің қолдауымен «Бірлік жолы» көрмесі ашылды. Диалог алаңында Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдағы маңызы және даму перспективасы талқыланды.
Автор: Дастан Қуандық
24.02.2025
Күләйша Ақтаева, Тұңғыш президент музейінің директоры:
— Тағы бір жаңалық — музейде «Менің тарихым» атты ақпараттық платформаны ұйымдастырып отырмыз. Әр қазақстандық өз тарихын бізге жібере алады және де біз кәсіби түрде онымен жұмыс істеп, ел тарихының тағы бір бетін ашамыз деп ойлаймын.
Платформада Қазақстанның тарихы әртүрлі халықтың, жекелеген отбасының өмір жолы арқылы баяндалады. Сонымен қатар көрмеге қатысушылар Қазақстан халқы ассамблеясының ұлттық бірлікті сақтап, этно-мәдени әртүрлілікті дамытуда атқарған маңызды рөлін атап өтті. Iара еліміздегі ұлтаралық келісім мен ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды қадам.
Юрий Серебрянский, жазушы:
— Көптеген естелікте қазақтардың депортацияланған поляктарға көрсеткен көмегі ерекше атап өтіледі. Ата-бабаларымыз өткен сол қиын кезеңде барлық этнос өкілдері өздерінің жақсылығын көрсетті. Бұл тек тарих беті емес, бұл бүгінгі күні де бізде сақталып, бізді бір халық, бір ұлт ретінде қалыптастырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары