Атырауда жүк көлігі мен пойыз апатынан үш машинист аурухаға түскен
Атырауда жүк көлігі мен пойыз соғылып, үш пойыз машинисі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазір науқастардың денсаулығы бірқалыпты. Ал жүк көлігінің жүргізушісі дін аман.
Автор: Жанат Молдашова
03.03.2025
Бауыржан Айтжанов, дәрігер:
— Жедел жәрдем көмегімен ауыр халде жеткізілді. Жедел көмек көрсетілді. КТ жасалды, басы, іші, кеудесі ретнтгенге түсірілді. Сүйегі жарақаттанған. Травматологияға жатқызылды.
Апаттан зардап шеккен — 38, 32 және 28 жастағы машинистер. Дәрігерлердің айтуынша, денсаулығы орташа ауыр.
Айта кетейік, темір жол бойындағы апат Атырау қаласында болған. Пойыздың келе жатқанына қарамастан, «КамАЗ» көлігі өткелден өтпек болған. Соққының қатты болғаны сонша, 12 вагон рельстен шығып кеткен. Темір жол қозғалысы тұралап, жолаушыларды да әбігерге салды. Оқиға орнына 80 жұмысшы мен ондаған техника жұмылдырып, шойын жол қалпына келтірілді. Апатты құзырлы органдар тергеп-тексеріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары