{metadescription}
Батыс өңірде әлі аяз — боранда қалғандарды құтқарып жатыр
Батыс өңірде әлі аяз — боранда қалғандарды құтқарып жатыр

Батыс өңірде әлі аяз — боранда қалғандарды құтқарып жатыр

Еліміздің батыс өңірінде ақтүтек боранда жолда қалған жүздеген көлік пен адам құтқарылды. Бұл жақта қыс әлі қаһарына мініп тұр. Тіпті аяздың беті қайтатын емес.

Бүгін түске дейін Маңғыстау облысындағы республикалық үш автожол жабық болды. Түннен бері тұрып қалған көлік қозғалысын жол сақшылары әрең реттеді. Құтқарушылар жолда қалған елу шақты жүк көлігін сүйреп шығарды. Олар Жаңаөзеннен 170 шақырым қашықта, Қазақстан–Түрікменстан тас жолында қар құрсауында қалған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері көліктерді сүйреп, асудан өтіп кетуге көмектесті.

Ақтөбе облысында да боран тұрғындарды әбден әбігерге салды. Мәселен, Хромтау ауданында ыстығы көтеріліп ауырған үш баланы жедел жәрдем облыс орталығына жеткізе алмаған. Сондықтан кішкентай науқастарды арнайы техниканың көмегімен ауруханаға апарған.

Ескертуді елемей жолға шыққандар апатқа ұшырап жатыр. Ырғыз ауданында жолаушылар мінген автобус пен жүк көлігі жолда бірін-бірі көрмей соқтығысқан. Адамдар аман. Автобустағы Өзбекстанның 33 азаматы жылыну орталығына жеткізілді.

Алға ауданында боранда адасып кеткен 56 жастағы малшыны төрт сағат бойы іздеп, қыстақтың ығында отырған жерінен аман-есен тауып алды.

Қайрат Аманшаев, Ақтөбе облысы ТЖД басқарма инженері:

Ақтөбе облысында 161 жылыту пункті дайындыққа келтірілді. Бәрі ауа райының нашарлығына байланысты өз қызметін атқаруда. Еңбекші елді мекенінде үш кішкентай баланың қызуы көтеріліп, құтқарушылар оларды жол талғамайтын техникамен Хромтау аудандық ауруханаға жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде