{metadescription}
«Қар төрт есе қалың». Тасқын қаупі былтырғыдан да зор
«Қар төрт есе қалың». Тасқын қаупі былтырғыдан да зор

«Қар төрт есе қалың». Тасқын қаупі былтырғыдан да зор

Елімізде көктемгі тасқын қаупі былтырғыдан да зор болуы мүмкін. Қыс бойы қатқан тоң өткен жылдарға қарағанда төрт есе қалың. Сондықтан алты ауданы мен орталық қаласында төтенше жағдай жарияланған Ақтөбе облысында құтқарушылар мұз жарып жанығып жатыр. Бұл өңірде әлі қыс қаһары қайтпай, қалың қар басып қалды.

Айбат Жаңабергенов, Ақтөбе облысы ТЖД бастығы:

Қар былтырмен салыстырғанда бір жарым, екі есе көп. Дайындық жұмыстарын бастап кеттік. Жалпы облыс бойынша, республика бойынша үлкен қауіп бар деп, Ақтөбе облысы есепке алынып отыр.

Былтыр Елек өзені бойындағы үйлерді су басқан еді. Құтқарушылар осы өзеннің мұзын алдымен жаруды жоспарлапты. Су тасығанда мұз кептеліп ұстап қалмай, еркін өтсін деп отыр.

Осындай жұмыстар аймақтағы сегіз ауданда жүргізіледі. Мамандар былтыр да ауылдарын су басқан Ойыл, Қобда, Ырғыз аудандарында биыл да тасқын қайталануы мүмкін деп болжайды. Қатер төнсе, Қызылорда мен Маңғыстаудың төтенше жағдайлар департаменті жаппай осында тартылады.

Тек төтеншеліктер емес, әскерилерде тасқынға қатысты етек-жеңін жинап дайындалып жатыр. Ұлттық ұлан сарбаздарынан бөлек, ұшақ пен көліктерін де есептеп қойыпты. Қазір ішкі істер министрлігіне қарасты құтқару құрамы 1600 адамды құрайды. Төтенше жағдай жарияланса, 10 мың әскериді қызыл судан елді құтқаруға жібере аламыз деп отыр. Былтыр әскерилердің әуе көліктері 150 рет ұшып барып керек-жарақты жеткізген. 

Әлібек Әбділов, ҚР ІІМ Ұлттық Ұлан ресми өкілі:

Қажет болса, Ұлттық ұлан авиациясы төтенше жағдайды жою мақсатында ұшақтар мен тік ұшақтар бөледі. Тек өткен жылы апат болған аймақтарда әуе техникасы 46 рет ұшақпен, 115 рет тікұшақпен барды. Су тасқынының салдарын жою үшін құқықтық тәртіп әскерлері он мыңға әскери қызметшіні жұмылдыру мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.