{metadescription}
Үкімет мүшелері: Имиджға қажет түрлі форумның ақшасын бұлдамау керек 
Үкімет мүшелері: Имиджға қажет түрлі форумның ақшасын бұлдамау керек 

Үкімет мүшелері: Имиджға қажет түрлі форумның ақшасын бұлдамау керек 

Кеткен ақшаның қайыры бар. Имидж қалыптастыру мақсатында жылда ұйымдастырылатын түрлі форумның ақшасын бұлдамау керек деген пікірде Үкімет мүшелері. Мұндай шаралар еліміздің беделін арттырып, жер-жаһанға атымызды танытуына септігін тигізеді екен.

Бөлек дабыра қылып айтып жүрген бұл шығындар бюджетке салмақ салмайды дейді ұлттық экономика вице-министрі. Форумдарға кеткен ақша республикалық бюджет шығынының небәрі 0,1 пайызын құрайды. Бұл отандық тауар өндірушілердің шетелдік инвесторлармен тіл табысып, кәсібін өркендетуіне таптырмас алаң.

Арман Қасеновтың есебінше, шетелдік компаниялар жыл сайын отандық экономикамызға 20 миллиард долларға жуық қаражат құяды. Президенттің «көрпеңе қарай көсілу керек» деген тапсырмасынан кейін жауаптылар мұндай шараларға кететін шығынды 400 миллиард теңгеге қысқартыпты.

Арман Қасенов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

Жалпы, имиджді іс-шаралар, оның ішінде инвестициялық форумдар әлемде кеңінен қолданылатын негізгі құрал. Мұндай тәжірибе капитал және инвестиция тартуға, елдің экспорт әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Бұған дейін шетел инвестициясы көлемі 20 млрд долларды құрайтынын айтқан едім. Олардың бір бөлігі осындай іс-шараның арқасында тартылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.