{metadescription}
Кентау шөгіп барады; көпқабатты үйлердің астынан су шығып жатыр
Кентау шөгіп барады; көпқабатты үйлердің астынан су шығып жатыр

Кентау шөгіп барады; көпқабатты үйлердің астынан су шығып жатыр

Кентауда жерасты суы көтеріліп, көпқабатты үйлер бүлініп жатыр. Кезінде мұндағы алып кеніш үкімет қаулысымен суға толтырылып, енді сол ылғалдың зардабын халық тартып отыр. Әсіресе көктемде кілкіген судан жолдар опырылып, үйлер отырады екен. Су деңгейін төмендету үшін түрлі шара қолға алынған. Бірақ нәтижесіз дейді тұрғындар. Кентаудағы күрделі мәселені жергілікті әкімдіктен бастап, үкіметке дейін білгенімен, шешімі табылмай тұр.

Кезіндегі кеншілер қаласы Кентаудың шахталары 2000 жылдардың басында суға толтырылған. Соның кесірін енді көріп отыр. Жыл сайын жерасты суы көтеріліп, көпқабатты үйлер қисайып жатыр. Мәселен, үшінші қабатта тұратын Юлия Скрипникованың пәтері ортасынан қақ жарылған. Мұнда отбасымен төртінші жыл тұрып жатқан әйел ара-тұра үй сықырлайды дейді.

Юлия Скрипникова:

Көпқабатты үй осылай екіге бөлініп барады. Мына жарықтардан күніге қоқым түсіп зәремізді алады. Үйдің іргетасы да отырып жатыр. Осыдан біршама уақыт бұрын төтенше жағдай маманынан мұның себебін сұрағанымызда, жерасты суы көтеріліп жатқанының салдары ғой деді. Бұлай кете берсе, көп ұзамай үй де қирайтын шығар.

Кентауға моноқала мәртебесі берілген соң, мұндағы көпқабатты үйдің барлығы жөндеуден өткізілген. Бірақ жерасты суының көтерілуінен бірер жыл өтпей жатып көбінің қабырғасында жарықтар пайда болуда.

Бахтияр Ғафуров:

Жерасты суы көтеріліп кете береді. Әсіресе көктемде. 2019-2020 жылы экология жобасын іске асырды. Осы мәселе бар, соның ішінде ауызсу, жерасты суы. Оннан астам институт, арнайы ұйымдар болды. Бәрі зерттеу жүргізіп, тасқыннан бүкіл қала шөгіп жатыр деді.

Жерасты суын төмендету үшін бірнеше скважина қазылған. Бірақ мұндай құдықтар жоба бойынша тұрғын үйден 800 метр алыс жерде болуы керек, ал мұнда тұрғын үйдің іргесінен қазылыпты. Сондықтан да жерасты суы көтерілгені аздай, тұрғындар құдық суынан да азап көріп отыр.

 Дастан Айтпенов:

Мүгедектердің үйі. Бізге жақсылық жасаймыз деп алдымыздан қарады, артымыздан қарады. Ақыр аяғы іргемізден құдық қазды. Бұл құдықтың орны анау асфальттан ары, 700-800 метрде тұратын нәрсені үйдің дәл жанына, іргесіне әкеп құдық қазып, 300 метрден су шығарды. Жертөле қысы жазы суланады, кейде су кетеді, көтеріліп кетеді. Оған ешкім кепіл бере алмайды.

Жергілікті билік кей үйдің отырып, апатты болып жатқанын жасырмайды. Бірақ оны жерасты суының көтерілуімен байланыстыруға асықпайды. Ол үшін су ресурстары және ирригация министрлігіне хабарласып, бұл мәселені биылдан қалмай жіті зерттейміз деп отыр.

Ғалымжан Төлепов, Кентау қаласы әкімінің орынбасары:

Министрлік деңгейінде, біз қала әкімінің облыс әкімдігінің бірінші орынбасарының қатысуымен жиналыс өткізіп, бұл мәселе қаралған. Нәтижесі бойынша министрліктен арнайы мамандар келіп, облыстың мамандары қосылып, Кентау қаласының мамандарымен бірге осы көктемде жерасты суы көтерілгенде, қаланы толық зелделеу жоспарымыз бар.

Яғни бірер айда Кентаудың же асты толық зерттеліп, жиі көтерілетін суды төмендету жолдары республика деңгейінде қаралуға тиіс. Ал шешімі табылмаса, моноқала шөгіп кетуі ықтимал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.