FlyArystan билет құнын негізсіз өсірген
Билет құнын негізсіз өсірген. FlyArystan әуе компаниясы айласын брондаудың түрлі кезеңінде автоматты түрде қосылатын ақы есебінен көтерген дейді монополияға қарсы агенттік.
Автор: Шапағат Мырзабекова
05.03.2025
Марат Омаров, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы:
— Әуе атасымалдаушы билет сату кезінде транзакция үшін комиссия алу арқылы билет құнын арттырған. Бұл drip pricing деп аталады, демек, бағаны аз-аздан өсірген. Негізінен Еуропа елдерінің заңнамасында бұған мүлдем тыйым салынған.
Ұшақ билеттерін негізсіз қымбаттатқаны анықталған соң, әуе тасымалдаушыға антимонополия заңнамасын бұзуды тоқтату туралы ескерту берілген. Компания іле-шала, заңсыз қосымша ақы алуды тоқтатыпты. Қазір құзырлы орган ішкі әуе тасымалдары нарығына қатысты антимонополиялық талдау жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, FlyArystan – ұлттық әуе тасымалдаушы Air Astana-ның еншілес компаниясы. Ішкі рейстерден бөлек, Грузия, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Үндістан және Қытайға жолаушы тасиды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары