Ақтауда құдыққа құлап күйіп қалған бала жансақтау бөлімінде жатыр
Ақтауда 11 жастағы бала құдыққа құлап, оңбай күйіп қалды. Жылу құбыры жарылып, іші ыстық суға толып кеткен. Денесінің 30 пайызы күлдіреп күйген оқушы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.
Автор: Ислам Қабылұлы
05.03.2025
Мереке Бекбаев, Маңғыстау облысы балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:
— Санын, балтырын екінші, үшінші дәрежелі күйік шалған. Жағдайы өте ауыр болды. Күйік деңгейі – 30 пайыз. Есінен танғанына байланысты жансақтау бөлімшесіне жатқызылған. Қарқынды терапияда баланың қазіргі жағдайы ауыр. Динамикасы тұрақты. Қазір есін жинады.
Қаланы жылу, сумен қамтып етіп отырған мекеме мамандары құбырдан ақау шығып жарылғанын мойындап отыр. Коммуналдық апат болған жерде шұңқыр пайда болып, ішіне ыстық су жиналған. Сол құдыққа көшеде ойнап жүрген бала құлап кетіпті.
Науқастың анасы коммуналдық мекеме басшыларын жауапқа тартуды талап етіп отыр. Ал облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, апатқа кінәлілер анықталып жатқанын хабарлады.
Рауан Жеңіс, «Каспий жылу су арнасы» мекемесі басшысының орынбасары:
— Кеше сағат жеті жарым шамасында диспетчер қызметіне жедел хабар түскен. Жылу жүйесі жарылды деп. Біздің қызметкерлер 20 минуттың шамасында келіп, құбырды анықтап, суды жапты. Сол уақытқа дейін бала түсіп кеткен. Астында магистралдық желі болған соң, жарылыс қатты болуы себебінен шұңқыр пайда болған. Сол уақытта бала түсіп кеткен. Осы хабар берердің алдында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары