{metadescription}
8 наурызға қыз-келіншектер қандай сыйлық қалайды?
8 наурызға қыз-келіншектер қандай сыйлық қалайды?

8 наурызға қыз-келіншектер қандай сыйлық қалайды?

8 наурызға қыз-келіншектер қандай сыйлық қалайды? «Не берсем болады, көңілінен шыға ма?» деген сауалға мереке қарсаңында ер-азаматтар басын қатырып жүрген сыңайлы. Қаражат шектеулі болса да, қиялда шек жоқ.  Дегенмен мамандар ас үйге керек затты бұл мейрамда сыйлаудың қажеті жоқ екенін ескертеді. Әйелге бастысы —  нәзіктігін сезіндіретін сый-сияпат алу маңызды екен. Жалпы сыйлық аларда ескеретін тағы қандай жайттар бар? 

Сыйлық жасай білу – өнер. Ол адамның ішкі мәдениетін, талғамын көрсетеді. Әйтсе де, нәзік жандардың талап-тілегін орындау қиын. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында не сыйлаймын деп алашапқын болатындар көп.

Бірі жарына, екіншісі  анасы мен қарындасына, қызына сыйлық іздейді.

Филипп Лузин, менеджер:

Мереке кезінде ыдыс-аяқ үлкен сұранысқа ие. Әйелдер көбіне ас үйге қажет керек-жарағын сұрайды. Сыйлыққа әшекей, қолшатыр да алып жатады. Ал ер-адамдар келгенде, бірден «мына зат бар ма?» деп, дайын суретті көрсетеді. Яғни әйелі не қалайтынын алдын ала айтады.

Кесе, қасық,табаны әйелдер бір-біріне сыйлағаны жөн. Ал қазан-ошаққа, тұрмысқа қажет затты ер адамның тарту етуі  қауіпті шешім дейді. Әйтсе де кейбір әйелдер не қалайтынын білсе де, «ішімдегіні тап» деп отырады. Оның салдары кикілжіңге әкеледі.

Сондықтан қыз-келіншектерге қалауын айта білу маңызды. Психолог мамандар мейрам күні нәзік жандарға мерекелік көңіл-күйді үйде ғана емес, қызметте де сыйлау қажет дейді. Жұмысқа кешігіңкіреп келуіне рұқсат беріп, ауыр тапсырмамен міндеттемесе дейді.

Гүлнәр Кетпенбаева, отбасы психологы:

Сол күні тек өзінің жұбайынан, жақын ер-азаматынан емес, әріптестерден де ерекше көңіл күй күтеді. «Бүгін жұмысқа кешігіп келсеңіздер» немесе «бүгін қандай еркелік жасасаңыз да, біз бәрін көтереміз» дегендей. Соны біздің әріптестер білсе, өздері де бақытты болады, қасында жүрген әйелдер де сол күні өзін бақытты сезінеді деп ойлаймын.

Бұған қала тұрғындары не дейді? Қыз-келіншектер мерекеде не қалайды, соны біліп көруге тырыстық.

Отбасым, ата-анам ақшалай сыйлық немесе таңертең гүлмен қуантып, достарым гүл береді. Мейрамханада тамақтану немесе бірге қыдыру.

Ақшалай береді, өзің қалағаныңды ал деп. Гүл алғым келеді. Отбасымда үш ұлым бар. Солардан енді сыйлық күтеміз. Қалай береді, көңіл  ғой.

Қыз болғаннан кейін әрдайым сыйлық алғың кеп тұрады. Үй, көлік деген сыйлықты ойламаған жерден алғым келеді.

Иә, сыйлықтың көңілден шығып ұзақ уақыт есте қалуы маңызды. Сондықтан оны мұқият таңдап, орнымен ұсынған дұрыс. Мерекеде, әдеттегідей, голландиялық раушан мен қызғалдақтар сұранысқа ие. Екінші орында иіс су таңдайтындар көп. Одан кейін қыздардың шашты әсемдеуге арналған әйгілі құралы бар. Сый ұсынудың тағы бір таптырмас түрі ақша. Мұнда асқан романтика болмаса да, адамға қалаған затын алуға мүмкіндік береді. Бастысы  сыйлық қымбат емес, көңіл  қымбат екенін естен шығармайық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.