{metadescription}
Закиржан Кузиев: Қант қызылшасын өңдеуге зауыттардың қарқыны жетпей жатыр
Закиржан Кузиев: Қант қызылшасын өңдеуге зауыттардың қарқыны жетпей жатыр

Закиржан Кузиев: Қант қызылшасын өңдеуге зауыттардың қарқыны жетпей жатыр

Үкімет қант өндірісін дамыту бойынша жоспарын жүзеге асыра алмады. Сенатор Закиржан Кузиев осы саладағы дағдарыс туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, елде қант қызылшасы жеткілікті, алайда оны өңдеуге зауыттардың қарқыны жетпейді дейді.

Закиржан Кузиев, Сенат депутаты:

 Қазақстанда қант өндірісі саласында жағдай қиын. Елде тек төрт қант зауыты бар, ол 1934-37 жылдары салынған, яғни бұл зауыттарға 100 жыл! Соңғы жылдары Павлодар мен Шуда жаңа зауыт салынады деген, бірақ нақты қадам жоқ. Мәселен, былтыр 1 миллион 200 мың тонна қант қызылшасы өндірілсе, оның тек 700 мың тоннасын өңдей алдық. Қалған бір бөлігі Қырғызстанға тасымалданып өңделді, ал бір бөлігі далада қалды.

Сенатордың мәлімдеуінше, биыл ауыл шаруашылығы министрлігі қант қызылшасын егетін алаңдарды 25 мың гектардан 17 мың гектарға дейін қысқартуды жоспарлап отыр. Ал шаруалар, керісінше, егіс алқаптарын ұлғайтуға дайындалып, техника сатып алып, көктемгі егіс науқанын бастауға маман жинаған. «Шенеуніктердің бұл әрекеті фермерлерді қиын жағдайға қалдырып отыр», - дейді депутат.

Дегенмен елдің азық-түлік қауіпсіздігіне жауапты сауда және интеграция вице-министрі салада ешқандай түйткіл жоқ екенін айтып, елімізде қант тапшылығы болмайды деп сендіріп отыр.

Қайрат Төребаев, Сауда және интеграция вице-министрі:

 Өткен жылдардағы қателіктерден сабақ алдық. Біз бұл тәжірибені зерттеп, тиісті қорытынды жасадық. Ауыл шаруашылығы министрлігі қант қызылшасын өсіру үшін фермерлерге қолдау көрсетуде. Сондай-ақ қант зауыттарына қант қызылшасын өңдеумен айналысатын және импорт шикізатты пайдаланатын зауыттарға қолдау көрсетілуде. Яғни жұмыс жалғасып жатыр. Қант тапшылығы болмауы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде