{metadescription}
«Ішім ауырды». Астанада дәрігерлер баланың ішінен тіс шұқығыш алып шықты
«Ішім ауырды». Астанада дәрігерлер баланың ішінен тіс шұқығыш алып шықты

«Ішім ауырды». Астанада дәрігерлер баланың ішінен тіс шұқығыш алып шықты

Астанада 11 жастағы баланың ішінен дәрігерлер тіс шұқығыш алып шықты. «Ішім ауырды» деп, екі кештің ортасында ойбайлаған баласын ата-анасы бірден ауруханаға алып келген. 

Дәрігерлер баланы бастан-аяқ тексеріп, рентгеннен бөгде затты байқаған. Алайда экран арқылы ұшы үшкір, ішекке жабысып қалған не екенін білмей сасқан. Содан баланың жағдайы ушығып бара жатқан соң шұғыл түрде ота жасауға шешім қабылданады. Баланың ішек-қарнын ақтарған дәрігерлер әбден тас болып қатып қалған тіс шұқығышты алып шыққан. Өңештен өткен тіс шұқығыш ішек жолының бел ортасына келгенде тіреліп қалыпты. Ал ішекке біте қабысып кеткеніне қарағанда, бала оны бірнеше жыл бұрын жұтып қойған сыңайлы. Бір өлімнен аман қалған жеткіншектің жағдайы қазір тәуір.

Әсем Шәкеева  Астана №2 көпбейінді аурухананың хирургі:

УЗИ, КТ зерттеуінде ісік тәрізді бөгде дене бар деген күмәнмен жедел операцияға алынды. Диагностика лапароскопия кезінде ісік ашылғанда ұзақ уақыт болған бөгде дене анықталды, сөйтіп тіс шұқығыш анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.