{metadescription}
Мәжіліс депутаты: Руслан Берденовке жасалған қастандықтың саяси астары жоқ
Мәжіліс депутаты: Руслан Берденовке жасалған қастандықтың саяси астары жоқ

Мәжіліс депутаты: Руслан Берденовке жасалған қастандықтың саяси астары жоқ

«Руслан Берденовке жасалған қастандықтың саяси астары жоқ». Осылай деген шенеуніктің Мәжілістегі партияластары күдіктіні қылмысқа «жеке басының мәселесі итермелеген» деп отыр.

Айдарбек Қожаназаров, Мәжіліс депутаты:

- Үш рет атты, өзіңіз білесіз, ондай жарақаттан, ондай қарудан аман-сау қалу өте қиын. Бұл жерде ешқандай саяси астары жоқ. Жеке басының мәселесі.

Депутат қазір айтылып жатқан болжамдардың ешбіріне сенбейтінін айтты әрі партияласының мақтауын асырды. Өзі ауруханада жатса да, Берденовтің жұмысқа шығуға құлшынысы жоғары екен. Десе де, оның қалпына келуі біраз уақыт алуы мүмкін.

Еске салайық, екі күн бұрын Шымкент әкімдігінің алдында Руслан Берденовті атқан. Өкпесі мен бауырынан жарақат алған шенеунік ауыр халде ауруханаға түсіп, оған төрт сағат ота жасалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынған. 31 жастағы азамат әкімдікке қарасты Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқарған, бірақ жуырда жұмыстан шеттетілген. Ал бір өлімнен аман қалған әкімнің орынбасары кеше есін жиды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде