Қостанай: Көлікте өзін өртеген ер адам жансақтау бөлімінде жатыр
Қостанайда көлікте отырып өзін-өзі өртеп жіберген ер адамның жағдайы ауыр. Денесінің басым бөлігін күйік шалған науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Автор: Сәбит Әлдебай
23.04.2025
Сұмдық оқиға кеше кешке Қостанайдағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған. Қыздың көзінше, жүксалғыштан канистра алып, көлікке қайта отырып алып, өзіне от қойған. Жанұшыра айқайлап далаға шыққан адамды куәгерлер құтқаруға тырысқан. Олар қолда бар заттарымен отты өшірмек болған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар денесін күйік шалған азаматты жансақтау бөліміне жеткізді. Ер адамның мұндай әрекетке неліктен барғаны әзірге белгісіз.
Нұрлан Арыстанов Қостанай облысы ПД Тергеу басқармасының басшысы:
— Полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары