Ақтөбе облысында вагон жөндейтіндер жұмыстан қысқартуға қарсы
Ақтөбе облысындағы шойын жолда вагон жөндейтіндер жұмыстан қысқартуға қарсы. Адал нанын тауып, ұзақ жыл еңбек еткен жерінен ешкімнің кеткісі жоқ.
Автор: Жаңалық Ахаш
24.04.2025
Төлеген Шырынов, “Деповской сервис” ЖШС жұмысшысы:
— Айлығымыз қалсын. Қысқарту болмасын. Осы ұжымды сол күйінде ұстап қалуын талап етеміз. Қолдан келсе, құзырлы органдар да тексерсін, қарастырсын деп отырмыз. КТЖ бас директоры қарасын. Осы мақсатта талап етеміз.
Кезінде вагон жөндейтін мекеме ҚТЖ құрамында болды. Бес жыл бұрын бұл қызметті жеке компанияларға жүктеп, жұмысшыларды да сонда ауыстарған. «Деповской сервис» деп аталатын Серіктестік енді сол ұлттық компанияның тендерімен табыс тауып отыр. Бірақ жөндейтін вагон азайды деп, жақында Қандағаштағы жұмысшыларды қысқартатынын ескерткен. Мұндағы жұмысшылардың дені ұзақ жыл осында жұмыс істеп, зейнет жасына таяғандар мен елуден асқан теміржолшылар. Шойын жолдағы еңбек дауынан жергілікті әкім-қаралар да хабардар. Олар қысқарғанын жұмыссыз қалдырмаймыз деп сендіреді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары