Түркияда емделіп жатқан Төреғали Төреәлінің беті бері қарай бастаған
Әнші Төреғали Төреәлі Түркияда емделіп жатыр. Денсаулығына байланысты жоспарланған концерттерін кейінге шегерген эстрада жұлдызының бүгінде беті бері қарай бастаған. Ол көп ұзамай елге оралмақ.
Автор: Әсем Лесбек
24.04.2025
Әншінің жағдайы туралы соңғы ақпаратты досы әлеуметтік желіге салды. Әділет Байнашов есімді азамат жұлдызбен видео арқылы байланысып, біраз сыр шерткенін жазыпты. Әйтсе де Төреғали Төрәлінің сырқаты жайында жақындары тіс жармай отыр.
Естеріңізде болса, әнші наурыз айында еліміздің төрт қаласында концерт беруге тиіс еді. Кейінірек әкесі «Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады» деп, халықтан дұғада болуды сұраған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары