«Шерзат Полаттың ісі». Куәгер бастапқы жауабынан тайқыды
Куәгер бастапқы жауабынан тайқып шыға келді. Талдықорғанда Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот жалғасуда. Бүгін оқиға орнында болған екі қыздан жауап алынды. Олардың бірі тергеу кезінде мән-жайды жіпке тізгендей баяндап берсе, сотқа келгенде көп нәрсе есінде қалмағанын айтты.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
28.04.2025
Прокурорлар да, адвокаттар да Эльмира Нұрбекованың сөзінде сәйкессіздіктер бар екенін айтты. Сондай-ақ Нұрбекова сот залында Шерзат Полатқа соққының қалай жасағалғанын көрсетті. Ал мылтықты Шерзаттың қайтыс болған ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың қолынан көрген.
Айта кетейік, сот процесіне жасөспірімнің ата-анасы қатысқан жоқ. Дүкеннің алдына сотталушылармен бірге келген екінші қыз да оқиғаны баяндап берді. Ол төбелес болған кезде көлікте отырыпты әрі төбелестен соң басты айыпталушы Абзал Шынасылдың пышақтың жүзін энергетикалық сусынмен жуғанын көрген.
Дана Жақсыгелді, куәгер:
- Абзал капотта тұрған энергетикалық сусынды «бере салшы» деді, ол еңкиіп тұрған болатын. Қолын сүртіп тұрды ма.. «Құя салшы» деді, сонымен құйдым. Сол құйып жатқан кезде, басында байқаған жоқпын, кейін байқадым, пышақтың жүзін байқадым.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары