{metadescription}
«Қаражат қарастырылмаған». Атырау облысында қарақұрт қаптады 
«Қаражат қарастырылмаған». Атырау облысында қарақұрт қаптады 

«Қаражат қарастырылмаған». Атырау облысында қарақұрт қаптады 

Атырау облысында қарақұрт қаптады. Улы жәндіктер аула ішінде, қоғамдық орындарда, тіпті саябақтарда да құжынап жүр. 

Қарақұрттанғ әсіресеғ Индер ауданының тұрғындары қауіптеніп отыр. Өйткені соңғы үш жылда бұл жәндік өңірде тым көбейіп кеткен. Тұрғындар малдан бұрын бала-шағаны шағып ала ма деп қорқады. Мәселен, былтыр улы жәндік шаққан жүздеген төрт түлік арам қатқан. Тіпті адамдар да зиян шеккен көрінеді. Әйтеуір дер кезінде дәрігерге көрініп, аман қалған.

Индер ауданы әкімдігі қарақұртпен күреске бюджеттен қаражат қарастырылмаған дейді. Өйткені бұл улы өрмекшілер зиянкестер қатарына жатпайды екен.

Айболат Сансызбаев, Индер ауданы әкімдігінің аппарат басшысы:

Индер аудан әкімдігі тарапынан қарақұртты аса қауіпті зиянкес ретінде реестерге тіркеу шарасының қабылдануына ұсыныс жолданды. Қазір қолданыстағы заңға сәйкес, қарақұртпен күрес үшін бюджет есебінен қаражат бөлу мүмкіндігі қарастырылмаған. Алайда жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен ошақтарын жою, дезинфекциялау жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.