Атырауда екі жыл бұрын бұзылған мектептің орнына жаңасы салынбаған
Атырауда апатты деп танылған мектептің оқушылары өзге білім ошақтарында үш ауысыммен оқып жүр. Баласын қаланың әр шетіне тасып шаршаған ата-аналар наразы. Себебі екі жыл бұрын мектепті бұзып, «жаңасын саламыз» деген шенділер уәдесінде тұрмады дейді.
Автор: Жанат Молдашова
28.04.2025
Жұмабай Омаров:
— Ештеңе көрінбейді, екі жыл болды. Балаларымыз қаңғып жүр, елді кезіп, балшыққа батып. Айтылып жатыр. Не дегенде жоғары жақтан біледі дейді, болды.
Қала орталығындағы бұл білім ордасы 1976 жылы салынған. Содан бері жөндеу көрмей әбден тозған ғимарат екі жыл бұрын «апатты» деп танылыпты. Мұндағы жүздеген оқушы өзге мектептерге ауысып, үш ауысыммен оқу жылын аяқтауға жақын. Кейібірі қаланың о шетінен бұл шетіне қатынап жүр дейді ата-аналар.
Атырау білім бөлімі жаңа ғимарат салу туралы әкімдікке ұсыныс берілгенін айтады. Бірақ мәслихат қажет қаражатты мақұлдамай отырған көрінеді.
Айнагүл Дүйсекенова, Атырау білім бөлімінің басшысы:
— Мектептің «апатты» деп танылуы оқу‑тәрбие процесіне еш кедергі келтіріп отырған жоқ. «Апатты» деп танылған күннен бастап білім бөлімі және мектеп әкімшілігі тиісті шараларды атқарып, жаңа мектеп салу жөнінде салааралық ұсынымды 2023 жылы берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары