{metadescription}
Алматыда биыл екі БРТ желісі пайдалануға беріледі
Алматыда биыл екі БРТ желісі пайдалануға беріледі

Алматыда биыл екі БРТ желісі пайдалануға беріледі

Алматыда екі бірдей жаңа БРТ желісінің құрылысы басталды. Әкімдік оны жыл соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Автобусқа арналған қосымша жолақ Желтоқсан көшесінен басталып, Райымбек даңғылына дейін жалғасады. 30 шақырымдық арнайы жолақ жолаушылар тасымалына жайлы жағдай жасайды дейді қала билігі.

Жаңа БРТ желісінің құрылысы Желтоқсан көшесінен басталып, Райымбек даңғылына дейін жалғасады. Одан әрі қарай Пушкин көшесінен өтіп, «Алтын ордаға» дейін жетеді. Мақсат кептелісті азайтып, алматылықтарға жайлы жағдай жасау.

Ертелі-кеш кептелістен көз ашпайтын Райымбек даңғылы қаланың батысы мен шығысын жалғап тұр. Енді даңғылға БРТ желісі салынса, автобустар арнайы жолақпен қозғалады.

Жоба аясында аялдамалар қайта жасалып, жасыл желек егіліп, ғимараттардың қасбеті да жаңартылады. Сондай-ақ жаңа бағдаршамдар орнатылып, веложолдар салыну да жоспарланған.

Айдос Желдікбаев, Алматы мобильді басқармасының бас маманы:

Жол қиылыстарына жақын жерде ыңғайлы аялдамалар болады. Қоғамдық көлікке басымдық беріледі. Ал оған қалай жететіні смарт сенсорлар мен бағдаршам орнату арқылы жүзеге асады. Осылайша ауқымды өзгерістер жол бөлігінен бөлек, Райымбек батыр даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер аймағына да әсер етеді.

Жобаның басты мақсаты көлік кептелісін азайтып, экологияны жақсарту, алматылықтарды тиімді көлік түрін пайдалануға ынталандыру. Бұған дейін Темирязев көшесіндегі БРТ желісі жолаушылар легін 40 пайызға арттырған. Әкімдіктің есебінше, бұл ауқымды құрылыс тарихи ғимараттарға, ескерткіштерге және зиратқа әсер етпейді.

Диас Маратұлы, Urban Forum Kazakhstan қоғамдық қорының сарапшысы:

Райымбек даңғылындағы БРТ желісінің құрылысын бастағаны Алматыға жақсы жаңалық. Қаламызда БРТ желісі қазір де бар. Мысалы, Тимирязев көшесінде жұмыс істеп жатқан. Соның мысалында бұның қалай жұмыс істейтінін көре аламыз. Яғни бұндай жерде автобустар кептелісте тұрмай, жылдам, жүйрік және адамдарға ыңғайлы жұмыс істей алады.

Бүгінде Райымбек көшесінің бойында бұзылуға тиіс 360-қа жуық ескі үй мен тозығы жеткен ғимараттар бар. Жоба аясында барлығы қайта жаңартылады немесе сүріледі. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Жұмыс уақытында көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде