Оралда тоққа түскен бала есін жимастан көз жұмды
Оралда тоққа түскен бала есін жимастан көз жұмды. Тоғыз жастағы оқушы жоғары кернеулі трансформаторға түскен добын аламын деп, денесінің 95 пайызы күйіп қалған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
02.05.2025
Бала дереу жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады. Денесі тұтас күйген балақайдың түнгі сағат он екі шамасында демі үзілді.
Еске салсақ, үй маңында футбол ойнап жүрген балалардың добы трансформатрдың үстіне түскен. Ойын баласы трансформатордың үстіне шығып, добын алмақшы болғанда тоқ ұрған. Трансформатор қуаты 10 мың вольт. Жоғары кернеулі желіден баланың денесі лап етіп отқа оранған.
Тұрғындар бұл оқыс жағдайға жергілікті әкімдікті кінәлайды. Өйткені аулада бала ойнайтын жер жоқ.
Болат Әлібаев, Орал көпбейінді ауруханасының бөлім меңгерушісі:
— Келген кезде науқастың жағдайы өте ауыр болды. Денесі, басынан бастап аяғына дейін, қолын да күйік шалған. Тоқтың кірген жері күйіп калған. Науқастың оң жақ қол және оң аяғының күйігіне байланысты қол-аяғына ампутация жасадық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары