Мақпал Жүнісова жеке өмірінен сыр шертіп, мұңын шақты
Жалғыздықтан шаршаған. Әнші Мақпал Жүнісова жеке өмірі туралы біраз сыр шертіп, тыңдармандарға мұңын шақты. Өнер жұлдызы Инстаграм парақшасында марқұм күйеуін жиі еске алатынын, ал қазір жалғыз жұбанышы қызы екенін мәлімдеген.
Автор: Әсем Лесбек
05.05.2025
Халық әртісі қызы Мерейдің ерте есейіп, бүгінде онымен құрдасымдай сырласамын дейді. Мерей қазір анасының өмірдегі шешімдеріне де араласып, кей тұста ақыл қосады екен. Әнші: «Қиын сәтте маған басу айтатын да, мені жұбататын да — қызым, одан кейін — халқым» деп, жұртқа ағынан жарылды. Оқырмандар да сахна жұлдызына «сіз жалғыз емессіз» деп, жұбатып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары