{metadescription}
Жаңғыртылған Сaspi bitum зауыты қайта іске қосылды
Жаңғыртылған Сaspi bitum зауыты қайта іске қосылды

Жаңғыртылған Сaspi bitum зауыты қайта іске қосылды

Маңғыстауда ауқымды жаңғыртудан өткен Сaspi bitum зауыты қайта іске қосылды. Былтыр қараша айында басталған құрылыс-монтаждау мерзімінен бір ай бұрын аяқталып, зауыт жұмысы қайта жанданды. 

«Қаражанбас» кен орнының мұнайын өңдеп, жол битумын өндіруге маманданған зауытты модернизациялау Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылған. Салтанатты ашылу рәсіміне өңір басшысы, энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының өкілдері және бас мердігер «СITIC Construction» мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Саятай Әліпбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаментінің директоры:

Сәуірде зауытымыз 28 мың тонна мұнай өңдеп, 10800 тонна битум өндірдік. Мамырда 45 мың тоннаға дейін битум шығарамыз деп жоспарлап отырмыз. «ҚазМұнайГаз» Акционерлік қоғамында бүгінгі күнде екі зауытымыз жол битумын өндіреді. Бірінші ол Павлодар. Павлодардың зауытында битум өнімдерін жылына 500 мың тоннаға жеткізе алады. Ал біздің Сaspi bitum» бүгінгі күнде 750 мың тонна, бар-жоғы 1 млн 250 мың тоннаға жеткізіп отырмыз. Екі зауыт осы жылдан бастап республикамыздың жолға керекті битумын шығарып бере алады.

Модернизациялау жобасының күрделі жұмыстарының бірі – биіктігі 40 метрге жуық 140 тонналық жаңа вакуум бағанасын орнату болған. Зауытқа жаңадан 24 сорғы, 20 жылу алмастырғыш, ауамен салқындатылатын бес агрегат жеткізіліп орнатылды. 14 мың текше метр технологиялық құбырлар ауыстырылып, 300-ден аса бақылау өлшеу аспаптары жаңартылды.

Талғат Мұқанов, «Сaspi bitum БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары:

Біздің қондырғыда қолданылатын жабдық толығымен жаңа. Заманауи деп айтсақ болады. Жалпы экология жағынан да барлық жақсарту, жаңғырту мәселелері бұл жобада қарастырылған.

Қызметі автоматтандырылған зауытта 237 адам қызмет етеді. Ал өндіріс жұмыстары орталық операторлықтан бақыланады. Жобаның Қазақстанға стратегиялық маңызы зор. Жаңартылған зауыт ішкі нарықтағы сұранысты толық өтеп және импортқа тәуелділікті азайта отырып, сапасы жоғары отандық битуммен тұрақты қамтамасыз етеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде