Мысырда отандасымыздың басына жарнама баннері құлап көз жұмды
Қайғымен аяқталған тур. Мысырдың Шарм-әл-Шейх әуежайында отандасымыздың басына жарнама баннері құлап көз жұмды. Тағы екеуі түрлі жарақат алған. Олар ауруханада. Ал марқұм Ақмарал Мұқанованың жақындары енді оның сүйегін елге жеткізуге көмек сұрап отыр.
Автор: Ақтоты Жұмабек
19.05.2025
Венера Ысқақова, марқұмның құрбысы:
— Сүйегін Қазақстанға әкелуге, президентіміз Тоқаевқа, Үкіметке, Елшілікке, көмек болса екен деп айтқым келеді. Іс дұрыс тергелмей қалады деп алаңдаймыз. Тездетіп елге жеткізу керек. Үш жыл болды, астанаға көшкеніне. Оған дейін Ақтөбеде жұмыс істеді. Үнемі күлімдеп жүретін. Бір қабақ шытқанын көрген жоқпын ғой. Берік деген жалғыз баласы бар. Сол екеуі демалысқа кеткен.
Марқұм Ақтөбе облысы полиция департаментінің кадр қызметінде ұзақ жыл еңбек еткен. Зейнетке шыққан соң, Астанада тұратын ұлының қасына көшіп барыпты. Анасы мен баласы жиі саяхаттайды екен. Бұл сапар да солардың бірі еді.
Айта кетейік, жазатайым оқиға туристер елге қайтып келе жатқанда, Шарм-әл-Шейх әуежайында болған. Оқыс жағдайға байланысты Қазақстанның ыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, марқұмның туыстарымен байланыс орнатылғанын, оларға консул тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіліп жатқанын айтты. Жағдайды Мысырдың Азаматтық авиация министрлігі мен Қазақстанның Мысырдағы елшілігі өз бақылауына алған.
Қазір тиісті тергеу жүргізілуде. Ал марқұмның денесі үш-төрт күннен кейін ғана елге жөнелтілуі мүмкін.
Инна Рей, «Туристік қамқор» қорының басшысы:
— Иә, шынымен де өте ауыр жағдай. Туристер осындай кезде қарапайым дүниені білуі керек. Турагенттер шетелге шығарда сақтанадыру береді. Міне, сол сақтандыру тура осы жағдайда керек. Бірінші кезекте әуежай тексерілуі керек. Өйткені қайғылы жағдайға сол әуежай жауапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары