{metadescription}
Көкшетауда әйелін пышақтап кеткен еркек ұсталды
Көкшетауда әйелін пышақтап кеткен еркек ұсталды

Көкшетауда әйелін пышақтап кеткен еркек ұсталды

Тал түсте болған қанды қылмыс. Көкшетауда ер адам әйелін жұмыс орнында пышақтап, оқиға орнынан қашып кетпек болған. Қолын қанға малған күдіктіні оқиға куәгерлері мен полицейлер жабылып жүріп ұстады.

Әлеуметтік желіге тараған видеодан келіншектің қала орталығындағы микроқаржы ұйымының қызметкері екенін аңғаруға болады. Жедел жәрдем жәбірленушіні көлікке орындықта отырған қалпымен алып шыққан.

Пышақ жарақатын алған жәбірленушінің жағдайы өте ауыр дейді дәрігерлер. Оған ота жасалып жатыр. Ал қылмысқа тұрмыстағы жанжал себеп болды дейді полицейлер.

Алмагүл Тұрсымбаева, Ақмола облысы ПД аға инспекторы:

Әйел адамға дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұрмыстық жанжалда жәбірленушінің жұбайы оған пышақ жарақатын салып, жасырынғаны алдын ала анықталды. Күдікті жедел ұсталып, істің мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді. Тергеу жалғасып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.