{metadescription}
Шымкентте университет басшылығы қомақты қаржы ұрлады деген күдікпен ұсталды
Шымкентте университет басшылығы қомақты қаржы ұрлады деген күдікпен ұсталды

Шымкентте университет басшылығы қомақты қаржы ұрлады деген күдікпен ұсталды

Шымкенттегі ең ірі университет басшылығы қомақты қаржы ұрлады деген күдікпен ұсталды. Жоғары оқу орнындағы ақша жымқыру схемасын Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері әшкерелеген.

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ректорының міндетін атқарушы мен қаржы және әкімшілік департаментінің директоры оқу орнының құрылысын тек құжат жүзінде жүргізген екен. Университетке қажетті тауарлар да тек қағаз жүзінде алынып отырған. Басшылық бюджет қаржысын жалған актілер арқылы таныс компаниялардың есепшотына аударып, кейін қолма-қол алып отырған. Осылайша аз уақытта 256 миллион теңгенің келісімшартын жасапты. Ал ұрланған ақшаға люкс санатындағы автокөліктер мен элиталық коттедж сатып алған. Қазір осы қылмысқа қатысы бар деген төрт күдікті тергеліп жатыр.

Салтанат Күшербаева, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің басқарма бастығы:

Қылмыстық жолмен алынған кірістерге күдіктілер 6 қымбат көлік пен Шымкенттің орталығынан құны 254 миллион теңге болатын элиталық коттедж сатып алған. Оларға сот санкциясымен тыйым салынды. Төрт күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Қылмыстық іс сотқа жолданған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде