{metadescription}
Статистика: Биыл 60 бала терезеден құлаған
Статистика: Биыл 60 бала терезеден құлаған

Статистика: Биыл 60 бала терезеден құлаған

Бала қауіпсіздігі статистикасы үрей тудырады. Жыл басынан бері елімізде қараусыз қалған 60 бала терезеден құлаған. Өкінішке қарай, жан тапсырған жайттар аз емес.

Былтырдың өзінде осындай 200-ге жуық жағдай тіркелген. Оқыс жағдайдың көбі балалардың шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйенемін деп, құлап кетуінен болған. Өйткені мұндай тор баланың салмағын көтере алмайды. Оқиғалардың жиілеуіне алаңдаған құтқарушылар қазір алдын алу шарасын күшейтті. Десе де мамандардың айтуынша, негізгі құрал тек үгіт-насихат. Қауіпсіздік тек жоғарғы қабатта ғана сақталуы керек деген де қате түсінік. Дәрігерлер екінші қабаттан құлап ажал құшқандарды мысалға келтірді.

Динат Қожекенов, Астана қаласы № 2 көпсалалы балалар ауруханасы директорының орынбасары:

Көп жағдайда егер үй биікте болса, жарақаты ауырболады дейді. Физикалық тұрғыда алатын болсақ, қабат биіктеген сайын ауырлығы күшейеді. Бірақ төменгі қабатта түрлі жарақат алуы мүмкін. Соңғы жайтты айтсақ, екінші қабаттан құлаған бала қайтыс болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде