«Бастығын өлтірмек болған». Көкшетауда қанды қылмыстың жай-жапсары айтылды
Бастығын өлтіруді төрт ай жоспарлаған. Көкшетауда әріптесінің қолынан қаза тапқан Жанболат Кенжахметовтың туыстары қанды қылмыстың жай-жапсарын айтты. 41 жастағы марқұм он күн бұрын із-түзсіз жоғалып, зорлық-зомбылық белгілерімен өлі табылған.
Автор: Айгүл Өзекова
20.05.2025
Халида Игелдиева, марқұмның анасы:
— Алдында аңдып жүргені де содан, қолайлы сәт іздеп жүрген. Неше айдан бері ойластырып. Жалғыз өзі істеген жоқ. Немесе басқа біреулерді апарып, дайындап қойды. Лудоман болған деді.
23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай, осы қылмысқа баруы мүмкін дейді қара жамылған ана. 8-мамыр күні түскі сағат үште қаза болған Жанболат Кенжеахметов күдіктінің көлігіне отырыпты. Көше мен тұрғын үйлердегі бейнебақылау камералары арқылы қылмыскердің ер адамды гаражға апарып өлтіргені анықталған. Сосын із жасыру үшін мәйітті бір күн бойы көлігінің салонына салып жүрген.
Еске салайық, он күн бұрын жұмысқа кетіп, қайта оралмаған көкшетаулық азаматтың қинау белгілері бар мәйіті табылған еді. Көп ұзамай полиция қызметкерлері күдікті ретінде марқұмның әріптесін қамауға алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары