Қарағанды облысы: Үш ауданда қара шегіртке жайылым мен шабындықты жайпап жатыр
Қарағанды облысының үш ауданында қара шегіртке қаптады. Зиянкестер жайылым мен шабындықты жайпап, жасыл желекті баудай түсіріп жатыр. Алайда мамандар шегірткені жоюға асықпай отыр. «Алдымен таралу аумағын анықтауымыз керек» деп, жайбарақат жүр.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
26.05.2025
Сағдат Күземханов:
— Төрт күн бойы осы жерге техникаларын иірді де қойды. Күллі машинf, бәленбай техника кіреберіс, Аққайың деген жерде. Енді неге ол жерге иіріп қойдыңыздар десем, «дәріні күттік, мердігер дәрі әкелген жоқ» дейді. Сонда бұл кісілер неменеге келген? Соғысқа оқсыз келген солдат сияқты.
Қаптаған зиянкес «Италия шегірткесі» деп аталады. Мамандар әзірге соны анықтапты. Жасыл желекке қырғидай тиген зиянкестер жан_жағын отап бара жатыр, дейді ауыл тұрғындары. Бұлай жалғаса берсе, жайылымсыз қаламыз деп шырылдайды.
Мамандар шегіртке облыстағы Қарқаралы, Шет және Ақтоғай аудандарына тарап жатқанын растады. Олардың айтуынша, биыл 59 мың гектар жерді улаймыз деген жоспары бар екен. Оған 184 миллион теңге қарастырылыпты. 9 техинака, 2 жеңіл ұшақ пен 4 агродрон дайын көрінеді. Бірақ дәрілеу әзірге басталмаған. «Алдымен шегірткенің таралу аумағын анықтап алуымыз керек» - деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары