{metadescription}
Дөн тау-кен байыту комбинатындағы жарылыстан үш адам зардап шекті
Дөн тау-кен байыту комбинатындағы жарылыстан үш адам зардап шекті

Дөн тау-кен байыту комбинатындағы жарылыстан үш адам зардап шекті

Ақтөбе облысындағы Дөн тау-кен байыту комбинатында жарылыс болды. «Болашақ» шахтасындағы оқиғадан үш адам зардап шеккен.

Хромтау ауданындағы бұл шахтада қазір жұмыс тоқтап тұр. Төтенше жағдайлар департаменті осында дағдарыс орталығын ұйымдастырыпты. Жарылыс түн жарымында болған. Жер асындағы кеншілердің барлығы түгелдей шығарылған. Күйіп қалған үш адам Хромтаудағы аудандық ауруханада ем алып жатыр. Екеуінің хәлі ауыр. Жансақтау бөліміне жатқызылған.

Ерлан Сұлтангереев, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Үш науқас күйік жарақатын алды. Науқастар жедел жәрдем бригадасымен Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда екі науқас жансақтау бөліміне жатқызылып, ауыр жағдайда ем қабылдап жатыр. Бір науқас травматология бөлімшесіне жатқызылып, орташа ауырлықта жағдайы. Науқастарға бүкіл ем қабылдап жатыр. Дәрі-дәрмек, аппарат, құрал-жабдық толығымен қамтамасыз етілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.