{metadescription}
«Пәтер аламыз». Жұрт бірнеше айдан бері баспанаға салған қаржысын қайтара алмай жүр
«Пәтер аламыз». Жұрт бірнеше айдан бері баспанаға салған қаржысын қайтара алмай жүр

«Пәтер аламыз». Жұрт бірнеше айдан бері баспанаға салған қаржысын қайтара алмай жүр

Алматыда пәтер аламыз деп, бар ақшасын салып жібергендер, не үйсіз, не қаражатсыз қалған. Қолына кілт тимей жатып-ақ, пәтер сапасын тексергендер баспананың қабырғасы жарылған, құбырынан су ағып тұрған үйде өмір сүру мүмкін емес екенін айтыпты. Ал құрылыс компаниясы ақша қайтаруға асықпай отыр, тіпті сот шешімі шықса да, оны орындамай отырған көрінеді.

Райхан Наванова:

– "Барыс " базарының жанындағы үйімді сатып, осы үй кешеніне ақша құйған болатынмын. «Мектебі бар, бәрі жақсы, бәрі күшті болады» дегеннен кейін, осыған ақша салдым. Қабырғасы жарылғалы тұрған үйді берді. Мен ондай апатты үйді алғым келмейді. Сол үшін де соттасып, жеңіп тұрмын. Бірақ ақшамды қайтармай жүр. тұр. 5 млн 536 мың теңге бердім.  

Time Group компаниясының жарнамасын Instagram желісінен көргендер бірден қызығып, пәтер алуға асыққан. Бірі тұрып жатқан үйін сатып жіберіп, ақшасын бастапқы жарна ретінде құйса, енді бірі несиемен келген қаражатын санап берген. Бірақ үйге қоныстанар алдында мамандар тексеріп, үйдің сапасы сын көтермейтінін анықтапты. Тұрғындар бас тартқан пәтерлер Time City мен Абай City тұрғын үй кешендері дейді.

Жұрт бірнеше айдан бері салған қаржысын қайтаруды сұрап келеді. Бірақ компания бастапқы жарнаны әлі қайтармаған. Бір емес, бірнеше мәрте мекеменің кеңсесіне барып, компания басшысын іздегенімен ішке кіргізбеген. Оның орнына әр келген сайын кепіл хатын ғана қолына ұстатқан. Бірде «бөліп қайтарамыз» деген уәде айтылса, енді бірде нақты күні жазылған кесте де берген. Бірақ бәрі құр уәде күйінде қалды. Амалы таусылған азаматтар заңгер жалдап, ақыры сотқа жүгінеді.  Жауаптытарап сотта жеңіліп, шешім зардап шеккендердің пайдасына шыққан. Алайда компания заңды белден басып, сот шешімін орындамай отыр дейді. Маңдай терімен тапқан ақшасынан айырылып, үйсіз қалған тұрғындар компанияның әрекетін нағыз басыну деп ашуланады. Ал компания басшылығы келген әрбір тұрғынның құжаттарының көшірмесін жинап, тағы да «кепіл хаттарын» таратты. Енді әр апта сайын қаражатты «кезекпен, бөліп қайтарамыз» деп сендіріп отыр.

Алтай Шарабаев, Time group компаниясының атқарушы директоры:

Бұл жерде бір ғана жауап. Осы уақытқа дейін сот болды, оның шешімі шықты. Әрине, біз сот шешімін міндетті түрде орындаймыз. Ол соттың шешімі шыққаннан кейін, сот орындаушыларына берілу керек. Сол сот орындаушысы өз жұмысын істейді. Бүгінде 4 шілдеге дейін уақыт берілді. Кепіл қағазы берілді. Сол кепілді міндетті түрде орындаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.