Ақмола облысы: Қызылсаяда 13 жастағы бала жанармайдан уланып көз жұмды
Ақмола облысында 13 жасар бала жанармайдан уланып көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, жасөспірім бензиннің уытты буына уланған болуы мүмкін.
Автор: Айгүл Өзекова
03.07.2025
Оқыс оқиға Зеренді ауданындағы Қызылсая ауылында болған. Кеше кешкісін оқушының денесін әкесі мен егізінің сыңары жазғы сарайдан тауып алады. Қайтыс болған бала үстел басында отырыпты. Туыстары оның жанынан бензині бар аузы ашық ыдысты байқайды.
Айта кетейік, ұлынан айырылған әке балаларын жалғыз тәрбиелеп келген. Полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Әлия Біләлова, Ақмола облысы ПД жетекші маманы:
— 2 шілдеде Зеренді ауданында кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптамалар тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары