Түркістан облысы: Тұрбаттағы жанар-жағар май құю бекетінде жарылыс болды
Түркістан облысында жанар-жағар май құю стансасында жарылыс болды. Соның салдарынан бекеттің жанында тұрған нысандар да қирап қалған.
Автор: Бек Әбиев
08.07.2025
Оқыс оқиға Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылында болды. Түскі мезгілде бекеттің цистерналарына бензин құйып жатқанда жалын шығып, жанармай құю стансасының күлі көкке ұшқан. Бекетті әп-сәтте отқа ораған қызыл жалын жанында тұрған сауда үйі, дәріхана мен дүкенге де тиді.
Өрттің жалпы аумағы 855 шаршы метр. Оны сөндіруге облыстан өзге Шымкенттен де мамандар келіп, техника тартылып, бәрі төрт сағат бойы қызыл жалынмен алысты. Оқыс оқиғадан зардап шеккен 29 жастағы бензин таситын көлік жүргізушісінің өмірі үшін қазығұрттық дәрігерлер арпалысып жатыр.
Дәулет Сағатұлы, Қазығұрт ауданы орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары;
— Алдын ала қойылған диагноз, өрттен кейінгі 3-ші, 4-ші дәрежедегі күйігі. Күйік мөлшері 85-95%. Науқастың жағдайы өте ауыр, травматикалық шок. Қазір дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қалу үшін атсалысып жатыр. Облыстан комбустиолог дәрігерлер кеңесін беріп кетті. Науқас жансақтау бөлімінде үздіксіз емделіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары