Демалушылардың көптігінен, Балқашқа барар автобанға жанармай жеткізе алмай жатыр
Балқаш қаласына демалуға көлікпен барғандар жолда жанармай таппады. Өйткені бұл күндері көлге демалуға 60 мыңнан аса адам барыпты. Олардың көліктеріне Қарағанды мен Балқаш автобаны бойындағы жанармай құю бекеттері бензин жеткізе алмаған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
08.07.2025
Автобанның Шет ауданы бөлігіндегі жанармай құю бекеттерінде өткен демалыс күндері болған көрініс осындай. Ұзын-сонар кептеліс, наразылық танытқан халық. Балқаш пен арадағы екі-ақ бекеттің қоймалары сарқыла берген. Жанар май жеткізетін көліктер келгенше жолаушылар күн астында қақталды. Дегенмен мұның негізгі себебі — автобанға шыққан көліктің қалың нөпірі. Балқашқа барған сан мыңдаған демалушы қаланың өзі мен көлдің жағасындағы демалыс үйлерін басып қалды. Орталық жағажайлар күніне 10 мыңға жуық адамды қабылған. Сырттан 20 мың көлік кіріпті. Үш күннің ішінде Балқаштың өзі мен көлі жағасынан 400 тонна қоқыс жиналды. Аптап ыстықта иін тіресіп суға түскендердің демалысы жақсы өткен. Алайда олардың біразы жол азабын тартып қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары