Доллар бір күнде 6 теңгеге өсті — 532 теңге 68 тиын
Бүгін доллардың теңгеге қатысты бағамы рекорд орнатты. Биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ валютасының құны бір күнде 6 теңгеге өсіп 532 теңге 68 тиынды құрады. Ақша айырбастау орындарында бағам 536-537 теңге төңірегінде.
Автор: Әйгерім Асқарқызы
17.07.2025
Еуро да қалыспай келеді. Апта басынан шамамен 10 теңгеге қымбаттап, бүгін биржада 612 теңге 05 тиынға жеткен.
Ресей рублі біршама тұрақты, қазіргі бағам 6 теңге 81 тиын.
Теңгенің құнын жоғалтуын - сарапшылар мемлекеттің сыртқы қарыздарды төлеу, бюджетті игеру және демалыс маусымында доллар мен еуроға сұраныстың артуы сияқты ішкі факторлармен байланыстырып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары