{metadescription}
Сотта Перизат Қайраттың анасының қан қысымы көтеріліп, үзіліс жасалды
Сотта Перизат Қайраттың анасының қан қысымы көтеріліп, үзіліс жасалды

Сотта Перизат Қайраттың анасының қан қысымы көтеріліп, үзіліс жасалды

Сот процесінде Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның күтпеген жерден қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртты. Қайырымдылыққа жиналған қаражатты жымқырды деп айыпталған ерікті мен оның анасына қатысты процесте үзіліс жасауға тура келді.

Бүгін сотта мектеп оқытушысына сөз берілді. Мұғалім су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын созу мақсатында "Біз біргеміз Қазақстан 2030" қорына 3 млн-ға жуық қаражат аударған. Аталған сома мектеп оқушылары мен ұстаздар ұйымдастырған қайырымдылық жәрмеңкесінің ақшасы болған. Енді соны қайтаруды талап етіп отыр. Осы тұста Перизат Қайрат пен жәбірленуші сөзге келіп қалды. «Дәлеліңіз жоқ болса неге арызданасыз» деп, айыпталушы ашумен қарсы сұрақ қойды. Дәл осы жағдайдан соң Перизат Қайраттың анасы өзін жайсыз сезініп, қан қысымы көтеріліп кетті. Әрі қарай сотта үзіліс жарияланып, дереу жедел жәрдем шақыртқан.

Бүгін прокурор еріктінің білімі жайлы ақпаратты жариялады. Белгілі болғандай, белсенді Ақтаудағы №10 мектепті бітіріп, 2006 жылы сол өңірдегі өнер колледжіне – хор дирижерлігі бөліміне оқуға түскен. Алайда оны аяқтағаны туралы дипломы жоқ болып шықты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.