Павлодар облысы: Ішінде бес адамы бар көлік тауда аударылып кетті
Павлодар облысында көлік тізгініне ие бола алмаған жүргізуші таудан домалап кетті. Бірнеше рет аунаған көлік салонында бес адам болған. Жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді.
Автор: Ұлан Нұрахмет
17.07.2025
Оқиға Жасыбай демалыс орынының жағасында орын алды. Hyundai Tucson маркалы автокөліктің тізгінінде әйел адам болған екен. Ол жылдамдықты асырған көрінеді. Содан рөлге ие бола алмай, көлік таудан домалап кеткен. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Тек жол апатынан жүргізуші мен бір жолаушы жарақат алған. Олар ауруханаға жеткізіліп, ем-дом алып жатыр. Ал полиция қызметкерлері автокөлікті арнайы тұраққа қойып, қылмыстық іс қозғады.
Жанар Белялова, Павлодар облысы ПД ресми өкілі:
— Полиция қылмыстық іс қозғады.16 шілдеде Баянауыл кентінің Жасыбай демалыс аймағында жолға түсу кезінде жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінен аударылып кеткен. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеуде анықталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары