{metadescription}
“Түнімен көз ілмеді”. Таразда Үшбұлақ арнасынан асып, 30 үйдің ауласын су басқан
“Түнімен көз ілмеді”. Таразда Үшбұлақ арнасынан асып, 30 үйдің ауласын су басқан

“Түнімен көз ілмеді”. Таразда Үшбұлақ арнасынан асып, 30 үйдің ауласын су басқан

Таразда Үшбұлақ каналы арнасынан асып, қала орталығындағы 30 үйдің ауласын су басып қалды. Тізеге дейін жеткен тасқыннан қорғанған тұрғындар түнімен көз ілмеген.

Оқыс оқиғадан кейін кейбір үйдің іргетасы үгітіліп, қабырғаларына зақым келген. Әкімдік бұл жағдайға «Зербұлақ» көліндегі шлюздің ашылып кетуі себеп дейді. Айтуынша, белгісіз біреулер су байламасын ашып, қашып кеткен. Екпінді су «Үшбұлақ» каналынан асып, қала аумағына жайылған.

Аталмыш оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылды. Ал полиция департаменті шлюзді ашып, заңсыз ірекетке барған адамды іздестіріп жатыр.

Нұрсұлтан Исабеков, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:

Барлық үйдегі су деңгейі түсіп, 12 техника 25 адамнан жұмыс атқарды. Қазір қауіп төмендеді. Су сейілді. Үйлерді судан тазарттық. Қазір еш қауіп жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.