{metadescription}
Сорбұлақта жоғалған тікұшақта еш ақау болмаған
Сорбұлақта жоғалған тікұшақта еш ақау болмаған

Сорбұлақта жоғалған тікұшақта еш ақау болмаған

Сорбұлақта жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстары жалғасуда. Арада екі апта уақыт өтсе де, әуе кемесінің негізгі бөлігі мен экипаж мүшелері табылмай жатыр.

Көлдегі іздеу жұмысы күнде таңғы 4-те басталып, қас қарайғанша жалғасады. Әскерилер екі ауысыммен жұмыс істеуде. Оларға күн райы, әсіресе қатты жел қиындық туғызып жатыр. Соның салдарынан көлде толқын көтерілген. Сүңгуірлерге де іздеу қиынға соғуда. Себебі, тереңдігі 25 метр судың түбі тұнбаға толы. Дегенмен мамандар тікұшақты таппайынша, жұмысты тоқтатпаймыз деп отыр. Бір анығы, техникада ешқандай ақау болмаған дейді әскерилер. Яғни әуеге көтерілмес бұрын тексерістен өткен.

Еске салайық, ЕС-145 әскери тікұшағы 25 шілдеде радардан жоғалып кеткен. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оның бортында үш экипаж мүшесі болған. Кейін із-түзсіз кеткен техниканың бөлшектері мен әскерилердің жеке заттары Сорбұлақтан табылған-ды.

Мәди Бәйсейітов, Әскери-әуе күштері қолбасшысының инженер-авиацияны қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары:

Машина апатқа себеп болған жоқ. Ұшу бағытына шығар алдында тікұшақ жіті тексерілген. EC-145 сенімді техника ретінде танылған, тәжірибе жүзінде дәлелдеген тікұшақ. Әуе кемесінде еш ақау болмаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.