Шекара қызметінің экс-бастығы Дархан Ділманов бостандыққа шықты
Төрт жылға сотталған Шекара қызметінің бұрынғы бастығы Дархан Ділманов бостандыққа шықты. Билікті асыра пайдаланғаны үшін айыпты деп танылған экс-директор кесілген жазаны толық өтепті.
Автор: Дастан Қуандық
08.08.2025
Заңға сәйкес, орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеген кезде тергеу изоляторында отырған әр күні бір жарым күн есебімен саналған.
Шекара қызметінің бұрынғы басшысы 2022 жылдың маусымында ұсталған. Кейін Алматы гарнизонының әскери соты Ділманов пен тағы бірнеше лауазымды тұлғаны ірі көлемде пара алу және қызмет өкілетін асыра пайдалануы бойынша кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ генерал-лейтенант шенінен, мемлекеттік наградаларынан және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары