{metadescription}
Түркістанда былтыр қолданысқа берілген көпқабатты үйлер бүлініп жатыр
Түркістанда былтыр қолданысқа берілген көпқабатты үйлер бүлініп жатыр

Түркістанда былтыр қолданысқа берілген көпқабатты үйлер бүлініп жатыр

Түркістанда былтыр қолданысқа берілген көпқабатты үйлер бүлініп жатыр. 48 пәтерлік қос үйдің жертөлесінде құбырлар жарылып, тұрғындар сасық иіске тұншығып отыр. Электр сымдары да жерде өрмекшінің торындай жиі жарылатын құбырлармен бірге жатыр. Пәтерлердің есік-терезесі ашылса жабылмайды, жабылса ашылмайтындай алқам-салқам. Осы олқылықтарды айтып шағымданғанымен, бес жылға кепіл берген не мердігер, не үйді қабылдап алған шенеуніктер үйге бас сұқпайды дейді тұрғындар.

Түркістандағы бұл екі үйден баспананы ипотекаға алған жұрт енді өкініп жүр. Былтыр ғана берілген көпқабатты үйдің үп еткен желге қасбеті жұлынып, пәтердің ішінде жел уілдеп тұр. Қабырғаларының жұқалығы соншалық, көрші пәтердің әңгімесін естіп отырамыз дейді тұрғындар. Ал есік-терезесі ашылса жабылмайды, жабылса ашылмайды.

Мүслім Сахов:

Жел кілдеп тұрады, скотчпен тұрады ,қысы-жазы. Айттық, күнде ертеңмен әйтеу келіп көрді. Міне, резеңкесі салбырап тұр. Бұл проблема бәрінде бар.

Пәтер іші жазда қапырық, қыста мүлдем жылымайды дейді ипотека иелері. Еденге жай көрпе сияқты төселе салған линолеум көтеріліп жатыр. Ал жертөлесінде электр сымдары өрмекшінің торындай жерде шұбатылып жатыр. Мұндағы су мен кәріз құбырларының жиі жарылатынын айтқан жұрт өміріне қауіп төніп отырғаны үшін қорқады.

Гүлдана Оразқұлова:

Канализацияның суын көріп тұрсыз, бізге істеп береміз деп уәде берген. Сасық иісі төбеге қарай көтеріліп жатыр. Кәдімгідей, қырықаяқ, шіркей қаптап жүр.

Үй берілген кезде келген мердігер компания өкілдері ақауды жөндеп береміз деп, содан соң келмей кеткен. Тұрғындар осыдан кейін прокуратурадан бастап, облыс әкімдігіне дейін шағымды қарша бораттық дейді. Бірақ еш нәтиже жоқ.

Мөлдір Керімбекова:

Үйге кіргеннен бастап жыры бітпеді. Кіреберістегі кафельдер сынып жатыр, үйдің ішінде толған ақау толып жатыр. Тоқ өшіріп қосатын құрылғы дұрыс қойылмаған. Пластик есік-терезе шайқалып тұр. Бұның өз мерзімі бар ғоә. Есіктер жабылмайды. Біз бұл тірліктен шаршадық. Облыс әкіміне дейін шулап барамыз.

Құрылыс басқармасынан келгендерге тұрғындар кемшіліктерді көзге түрткендей көрсеткен. Сапасыз үйді қабылдап алғандарға шүйліккен соң, жауаптылар қатты састы. Тіпті бүгін-ертең ақау актісін түзіп, кемшілікті реттейміз деп, уәдені үйіп-төкті.

Есжан Бибатыров, Түркістан облысы құрылыс басқармасының бөлім басшысы:

Ертең ақауларды қарап шығайық. Бәрімен ақылдаса келе, мердігерлерге тапсырма береміз. Екі апта, мүмкін үш апта, бәлкім үш бір аптада, құрылыс көлеміне қарай істейміз. Мердігерге байланысқа шыға алмадық. Шымкент қаласында екен. Ертең шақыртамыз, хат та жолдаймыз.

Тұрғындарға мойын бұрмайтын мердігерді шенеуніктер енді “күштеп жұмыс істетеміз” деп күшеніп отыр. Егер құрылыс басқармасындағылар сөзінде тұрмаса, онда тұрғындар тайлы-тұяғы қалмай, облыс әкімдігінің алдында шу шығарамыз деп серттесті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.