Үй алу мен сатудағы операция енді тек банк арқылы жүргізіледі
Елімізде 31 тамыздан бастап бастапқы нарықтағы үйлерден пәтер сатып алудың жаңа ережелері күшіне енеді. Оған сәйкес, үйді алу мен сатудағы барлық операция енді тек банк арқылы жүргізіледі. Яғни қолма-қол ақша қабылданбайды.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
22.08.2025
Құрылысы жүріп жатқан нысандардан тұрғын үй алуға ипотека беру тоқтатылады. Келісім тек үй салынып біткеннен кейін жасалуы керек. Бұған қоса үлескерлердің ақшасына бой көтеріп жатқан баспаналардың жарнамасын жасауға сол пәтер иелерінің рұқсаты болғанда ғана жол беріледі және бұл мақсатта үлескерлердің ақшасы тек келісіммен жұмсалуы тиіс. Ал құрылыс барысын әкімдік бақылауда ұстайды. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері туралы заң жобасына сәйкес, көппәтерлі үйді тапсыру мерзімі жобада көрсетілген уақыттан 5 айдан артық кешіктірілмеуі керек. Заңға бағынбаған қомпанияларға айыппұл сомасы артпақ.
Айта кетерлігі, ереже тек жаңа салынып жатқан үйлерге қатысты. Екінші нарыққа мұндай шектеу қойылмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары