{metadescription}
Екі азаматтығы бар қазақстандықтардың төлемдері мемлекетке қайтарылады
Екі азаматтығы бар қазақстандықтардың төлемдері мемлекетке қайтарылады

Екі азаматтығы бар қазақстандықтардың төлемдері мемлекетке қайтарылады

Екі азаматтығы бар қазақстандықтардың заңсыз алған зейнетақы төлемдері енді мемлекетке қайтарылатын болады. Заң бәріне бірдей екенін ескерткен еңбек министрі, тиісті шаралар қабылданатынын айтты.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Ең ауыр жаза – заңсыз алынған бюджет қаражатын қайтару. Залалдың нақты көлемін Қаржы мониторингі агенттігі анықтайды. Материалдың барлығы берілген, тергеу жүріп жатыр. Жазасы қалған өмірінде сол қаражатты өтеп отыру. Заң мен тәртіп бүкіл қоғамда жұмыс істеуі керек.

Министрдің айтуынша, кейбір зейнеткерлер шетелде тұрып, бірнеше елден заңсыз төлем алып жүр. Бұл деректер Қаржы мониторингі агенттігіне жолданып, қазір арнайы тергеу жүргізілуде. Агенттік нақты келтірілген залалдың мөлшерін анықтағаннан кейін ақшаны бюджетке қайтару бойынша шаралар қабылдамақ. Бұған дейін министрлік зейнетақы мен жәрдемақыларды тек Қазақстанда тұрақты тұратын азаматтарға ғана төлеуді ұсынған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.