Миллионнан астам адам ең төменгі жалақыға күнелтіп жүр
Елімізде бір миллионнан астам адам ең төменгі жалақыға күнелтіп жүр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің мәжілісмендер алдында берген есебі осындай.
Автор: Дастан Қуандық
10.09.2025
780 мыңға жуық азамат 85 мың теңгеге күн көріп отыр. Ал 300 мыңнан астам адамның табысы тіпті 80 мың теңгеге де жетпейді екен. Ең төменгі жалақыны негізінен біліктілігі төмен, кәсіби даярлығы жоқ немесе сапасыз жұмыс атқаратын азаматтар алып отыр дейді Светлана Жақыпова. Министр кейбір жұмыс берушілер еңбекақының бір бөлігін конвертпен беретінін, яғни құжат жүзінде ең төменгі жалақы көрсетіліп, қалған сома көлеңкелі жолмен төленетінін де жасырмады. Бұл — салықтан жалтарудың бір тәсілі. Осыған байланысты заңға өзгерістер енгізіліп, жалақының ашық әрі әділ төленуін қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
— Бұның ішінде бірнеше санат бар. Біріншіден, тағы да талдау жүргізіп өткізгенде ірі кәсіпорындарының салықтан босатылуы үшін атаулы жарналар атаулы төлемдерді республикалық бюджеттің тыс қорларға аударым төлемдерін азайту үшін 85 мыңды төлеп, басқасын конвертке салып беретіні мәлім.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары